Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мыңнан астам пәтер салынбақ

Бүгін ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов пен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфроқұрылымдық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

тұрғын-үй

Өңірдегі тұрғын үй құрылысына жергілікті атқарушы органдар желісімен  Ұлттық қордан 4 жарым миллиардқа жуық  теңге бөлініп отыр. Осы қаржыға 558 пәтерлі 11 үй бой көтереді деп жоспарланып жатыр. Өз кезегінде салымшылар тұрғын үйдің  1 шаршы метрін 140 000 теңгеден сатып ала алады.

Сонымен қатар, оңтүстікте «Байтерек деволопмент» АҚ желісі бойынша, 25 мың шаршы метрден асатын 432 пәтерлі 6 үй салынады. Мұндағы баға шаршы метріне 175  000 теңгені құрайды.

тұрғын-үй22

«Өздеріңізге белгілі, жыл басында Елбасы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің тиімділігін ескере отырып, кредиттік тұрғын үй құрылысына 149 миллиард теңге бөлуді тапсырған болатын. Қазіргі таңда қаражат өңірлер бойынша бөлініп жатыр. Тұрғызылған үйлерді өз салымшыларымызға өткізе отырып, біз қаражаттың әр екі жыл сайын айналымдылығын қамтамасыз етеміз»- деді Айбатыр Жұмағұлов журналистермен болған баспасөз конферециясында.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Шымкент сити» жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын да айта кеткен жөн. Осы мақсатта, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы әкімдігімен де екі жақты меморандум  жасалды.

Талқылау