ОҚО-да мұғалім келіншек суға батқан баланы құтқарып қалды

Жексенбі, 23 Сәуір , 2017 8:53

Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім келіншек суға батқан баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Мақтарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1435219732bbvrb

Мамандардың сөзінше, үш жасар бүлдіршін ауыл шетіндегі каналға батып бара жатқан.

Оқиға Мақтарал ауданындағы Кеңесшіл елді мекенінде орын алған. Осы күні ауылдағы орта мектепте мұғалiмдер арасында спорттық жарыс өтедi. Сайыстан қайтып келе жатқан Айгүл Тұрсынқұлова каналдың жағасында суға батып бара жатқан бүлдiршiндi байқап қалады. Ол сол сәтте ойланбастан үстiндегi киiмiмен суға түсiп кетіпті. Сөйтіп, суға тұншыққан үш жасар Әбдiсәлiптi сыртқа алып шығады. Ойнап жүріп суға батып кете жаздаған бала мұғалім келіншектің арқасында аман қалды.

Мұғалім келіншек те үш баланың анасы екен. Сондықтан баланы көргенде ойланбастан суға секіріп кеткенін айтады. «Менiң орнымдағы кез келген адам солай жасар едi»,- дейдi Айгүлдiң өзi. Қазір бүлдіршіннің жағдайы қалыпты. Оның ата-аналары мен сол ауылдың тұрғындары болса баланы ажалдан аман алып қалған ұстазға ризашылықтарын бiлдiрді.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда тағы бір сәби Жайық өзеніне батып кетті

Шымкентте балалар үйінің қос түлегі отбасын құрды (фото)

Павлодарда дүние-мүлкі түгел өртенген үйде құран кітабы аман қалған (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар