Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да мектепте орамал тағуға қатысты шу шықты

 Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының тұрғындары мектеп әкімшілігі орамал тағатын оқушы қыздарының құқығын шектегенін айтып отыр.

шымкентттт

Бұл туралы тұрғындар Qamshy.kz сайтына хабарласып шағымданған

«ОҚО, Сайрам ауданы, Ынтымақ ауылы № 24 М.Махажанов атындағы жалпы орта мектепте біздің қыздарымыз мектепке барған кезінде шығарып қайтарып жіберіпті, себебі қыздарымыз орамалда жүреді. Біз – ата-аналар себебін сурауға бардық. Мектеп басшылығы орамалды шешпесе, мектепке кіргізбейтінін айтты», – деп отыр Шамхат Болатов, Батыржан Ғайибназаров, Шамшиддин Болатов, Батыржан Кәрімбаев есімді ауыл тұрғындары.

Олар қыздарына мектеп үлгісіндегі арнайы форма кигізгенмен, бастарындағы орамалдарын шешуден үзілді-кесілді бас тартуда.

Естеріңізге салсақ, Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен орта мектеп оқушылары үшін біріңғай мектеп формасына көшу туралы талап күшіне енген болатын. Құзырлы министрлік бұған дейін мектеп киімінің үлгісі әр мектептің ата-аналар жиынында анықталатынын хабарлаған.

 

Талқылау