Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да мектеп оқушылары тікесінен тік тұрған күйі сабаққа қатысып жүр

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданындағы Фирдоуси мектебінде оқушылар бір партаға үш оқушыдан отырып сабақ тыңдауға, ал кейде тіпті тікесінен тік тұрған күйі сабақ тыңдауға мәжбүр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Безымянный

300 оқушыға лайықталған мектепте қазір 700-ге жуық бала білім алып жатыр.

Апатты жағдайдағы оқу орнында жылу болмағандықтан, оқушылар мен ұстаздар да сырт киімдерін шешпей сабақ өте беруге әдеттеніп кеткен.

“Парта да, орындық та жетіспейді. Мен кейде балаларға өз орындығымды беремін. Үшеуден, төртеуден сыйысып отырамыз. Ата-аналар келіп шағымдарын айтып жатады. Бірақ бізде тығырықтан шығар жол жоқ”, – дейді мектеп мұғалімі Исраил Шадиев.

Құлағалы тұрған мектептің мақта жинау мақсатында салынғанына 30 жылдан асып кеткен. Бала саны көбейгендіктен тұрғындар кейін тағы екі ғимарат салған. Бірақ мұның өзі мәселені шеше алмады.

“Жаңа мектепті сұрап келе жатқанымызға 10 жыл болды. Уәде берген әкімдер ауысып кете береді”, – дейді тұрғын Құрбан Мирзаев.

Жақында ғана мектепті апатты жағдайдағы ғимарат ретінде таныған. Ал мұндай ғимаратта білім алу ыңғайсыз ғана емес, қауіпті.

“Біз бұрын облыстық бюджет есебінен 300 балаға арналған мектеп тұрғыза алатын едік. Бірақ, оның өзі аз болады. Сол себепті біз оны апатты мектеп ретінде танып, республикалық қазынаға үміт артамыз. Келесі жылы құрылыс басталады”, – деді Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев.

Шенеуніктердің айтуынша, мектеп құрылысын бастауға құжаттар сақадай сай екен. Басқа орынға салынатын мектеп 600 балаға лайықталып отыр.

Оқи отырыңыз:

Темекі шеккен хиджабтағы қыздар желі қолданушыларын шошытты (видео)

Қайырымды жастар екі бүйрегі істен шыққан Жәнелге 12 млн теңге жинап берді

Оралда “жеңгетайлар” жезөкшелерді пайдаланып ақша тауып келген

Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі

Талқылау