Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да медколледж студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

ОҚО полициясы Қызылордалық 18 жасар студент Ғазиза Қайратованы іздестіруде. Қыздың жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы оның анасы Гүлнар Жәнібекова айтқан.

лорп

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Анасының айтуынша, қызы 31 мамыр күні Қызылордадан Түркістанға қарай таксимен шығып кеткен. Қалаға жеткен соң қыз анасына телефон шалып, құрбысының үйіне аман-есен жеткенін айтқан. Одан кейін қызымен байланыс үзілген.

“Оның телефоны өшірулі, хабарласа алар емеспіз. Өзіміз іздеп едік, нәтиже шықпады. 3 маусым күні әкесі Түркістан полициясына арыз жазып, прокуратураға да хабарласты. Осыған дейін қызым қайда барғанының барлығын ескертіп отыратын. Осы жылы диплом алуы керек болған. Оның кураторының айтуынша қызым біз берген ақшаны оқуға төлемепті”, – дейді Гүлнар Жәнібекова.

ОҚО ІІД хабарлауынша колледж студентін іздеумен полиция қызметкерлері айналысуда.

Қыз қара жейде, джинсы шалбар және джинсы жакет киіп алған. Ғазиза Қайратованың қай жерде жүргенін білетіндер болса +7 775 126 35 46 (анасы) нөміріне хабарласуға болады.

Талқылау