Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да құтқарушы болған көпбалалы әке қайтыс болды

ОҚО-да қызметтік борышын орындап, туристі құтқару кезінде облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкері қаза тапты.

Бұл туралы Stan.kz ОҚО ТЖД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

“2016 жылғы 29 мамырда  сағат 22:20-да ОҚО ТЖД-ге 1988 жылы туылған Шымкент тұрғыны Ақмешіт таулы жеріне демалысқа шығып, тау  шатқалының арасында қалып, өз бетінше шыға алмайтыны жайлы хабарлама түсті. Сол күні 22:50-де 4 адам, 1 техникадан тұратын  іздеу тобы Төле би ауданы Алатау ауылдық округіне шықты”, – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.

Іздеу тобының басшысы Мейірбековтің шешімімен қауіпіздік техникасын сақтау үшін түнгі уақытта іздеу жұмыстары жүргізілмеді.

Келесі күні сағат 06:22-де іздеу-құтқару жұмыстары басталды. Құтқарушы Сәрсенбеков зардап шеккен азаматты бірінші тапты. Құтқарушылар альпинистік құрылғымен туристі шатқалдан жоғары көтерді.

“Құтқару операциясы кезінде Сәрсенбеков туристің өмірін құтқара отырып, жіп үзіліп, құлап кетті. Ол азаматтық қорғаныс органында 2003 жылдан бастап қызмет етті. Үйленген. Артында 4 баласы қалды.

Әйел бесінші балаға жүкті. ТЖД басшылығы, барлық ұжым қаза болған қызметкердің туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл білдірді.  Ол қайтыс болғаннан кейін “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды”, – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз:

Қытайда жыртқыш жануармен селфи жасамақ болған ер адам қайтыс болды

Қарағандыда қайық ұрлап көлге шыққан жігіт суға батып кетті

АҚШ-та салмағы 360 келі тартатын танымал балуан қайтыс болды

ОҚО-да суға кеткен бүлдіршінді құтқарған ер адамның өзі батып кетті

 

Талқылау