Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да келіншекті қайын атасы ұрып, сот алдында жауап берді

ОҚО Сарыағаш ауданы соты  осы өңір тұрғынына қатысты үкім оқыды. Онда Сарыағаш тұрғыны Ш.Е есімді азамат өз келінін немерелерінің көзінше сабап, оның денесіне жеңіл жарақат салған.

атасы

Бұл туралы Отырар сайты жазған.

Өзіне орнымен сый-құрмет көрсетпеді деген азамат келінін кәмелет жасқа толмаған екі немересінің көзінше ұрған. Ол кезде балалардың атасы мас болған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйелдің денесі жеңіл жарақаттанған.

Сот мас күйінде екі немересінің анасына қол көтерген азаматқа 100 АЕК көлемінде айыппұл салды. Яғни 212 100 теңге. Сот үкімі заңды күшіне енген.

 

 

Талқылау