ОҚО-да боран салдарынан 300-ден аса ғимараттың шатыры қирады

Сәрсенбі, 15 Маусым , 2016 19:08

Қатты соққан боран салдарынан ОҚО-да екі аудан мен Түркістан қаласындағы 300-ден астам ғимараттың шатыры жұлынып кетті.

12202535

Сурет: ОҚО әкімдігі

14 маусым күні 25-30 м/с жылдамдықпен соққан жел салдарынан Отарар, Бәйдібек ауданы мен Түркістан қалаларында 300-ден астам ғимараттың шатыры жұлынып кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйлер мен мектептерді, мектепалды оқу орындарының, емхана мен мемлекеттік ғимараттардың, сауда нүктелерінің шатыры аздап қирап, ағаштар мен бағаналар құлаған. Элекстр тасымалдау бағанасына зақым келген.

«Оқыс оқиға облыстық әкімнің қатаң бақылауында. Қазіргі уақытта аталған орында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Келтірілген залал шығыны анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. КазГидрометтің мәліметінше, ОҚО қатты жел екі күнге созылуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Оқыс оқиға орнында жұмыс істеп жатқан жұмысшы тобы жел салдарынан бірнеше тұрғын үй мен 4 мектептің, 1 бала-бақшаның, Маяқұм ауылының өрт сөндіру қызметі №30 постының шатырын жұлып әкеткенін анықтады. Сондай-ақ, Бәйдібек ауданы мен Түркістан қаласында бір ғимараттың шатыры қираған.

Аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов жауапты адамдарға тұрғын үйлерге келтірілген залал шығынын есептеп, тұрғындарға қажетті барлық көмекті көрсетуді тапсырды.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанай облысында қатты боран көпірдің қоршауын жұлып кетті

Талдықорғанда аса қатты боран соқты (фото, видео)

Алматыда қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласты (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар