Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да қар құрсауында қалғандарды құтқаруға аттанған төтеншеліктер хабарсыз кеткен

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы Шыбықбел асуында қар құрсауында көлігімен қалып қойған бірнеше адамды құтқаруға кеткен төтеншеліктер мен жедел жәрдем қызметінен әлі хабар жоқ.

ОҚО

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Зарипа Абдуллақызының сөзінше, төтенше жағдай қызметкерлері Бәйдібек ауданындағы Бірлік-Жарықтас-Қошқарата жолындағы Шыбықбел асуында қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқаруға таңертең кеткен.

«Қар құрсауында қалып кеткен техника бар. Ол жаққа таңғы сағат сегіздер шамасында біздің 4 маман мен бірге жедел жәрдем қызметі шыққан. Олар Ақтас елді мекеніндегі науқастарды ауданға жеткізуге және Шыбықбел асуында қар құрсауында қалып қойған бірнеше техниканы алып шығуға тапсырма алған. Қанша адам құтқарылды, қанша техника шығарылды – ол жайында нақты ақпарат жоқ» дейді бас маман.

10 желтоқсанда түстен кейін Бәйдібек ауданындағы Алмалы-Бәйдібек тас жолында қар құрсауында қалып қойған жүкті әйелді және Төле би ауданында Нысанбек Тұрсынбай тас жолында жеке көлігімен қар құрсауында қалып қойған жеті адам құтқарылған еді.

 

Талқылау