Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да қар көшкінінен қаза болған сержантты жер қойнына тапсырды (фото)

29 жастағы Әмір Аралбаев ОҚО-ның Түлкібас ауданындағы Дауан ауылында жерленді.

photo_208250

Бұл туралы tvk хабарлайды.

Кіші сержант Әмір Аралбаев Қазақстандағы жалғыз тау-кен батальонына келісім-шарт бойынша жұмыс істеуге 2013 жылы барған. Өзі Қарақалпакстаннан Қазақстанға қоныс аударған. 2008 жылы әскерге шақыртылып, төрт жыл бұрын жұмыс істеуге келеді.

11400475

«Бұған ешкім кінәлі емес. Тау-кеншілер үнемі жауынгерлік тапсырмаларды орындайы. Олар тапсырма орындау кезінде көз жұмды. Сіздерге Қорғаныс министрлігі мен аймақтық команда атынан көңіл айтамыз», – дейді полковник Мұрат Жүсіпов.

Әмір отбасының кенжесі болған. Алдында үш ағасы мен 6 әпкесі бар. Марқұмның 23 жастағы келіншегі «Оны менен алып кетпеңдерші» деп көз жасын баса алмады.

17 ақпан күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданынан 35-40 шақырым қашықтықтағы “Көксай” сайында қар көшкіні жүргені айтылған. Ол жерде 91678 әскери бөлімінің сарбаздары жаттығу жиынында жүрген, 7 сарбаз қаза болған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза тапқан әскерилермен қоштасты

Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Талқылау