Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да кәмелетке толмаған баланы 200 мың теңгеге сатқан

Бүгін ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен айыпталған азаматтарға  қатысты сот үкімі шықты.

252986

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 2015 жылғы 12 наурызда А.Ш. мен А.А. бірігіп, яғни, алдын ала сөз байласып, үйінде Б.С. және Т.Г.-мен кездесіп, кәмелетке толмаған бала Н.А.-ны 200 000 теңге және алтын сырға мен жүзікке сатқан.

Сот үкімімен сотталушы А.Ш. мен А.А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмысты жасағандары үшін кінәлі деп танылып, мүліктері тәркіленіп, әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Талқылау