Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен 33 жастағы жігіт отбасымен байланысқа шықты

20 шілде күні үйінен көп ақшамен шығып кетіп, содан қайта оралмаған 33 жастағы Кривошапкин Александр отбасымен хабарласты.

Bezymyannyy-80

Естеріңізге салар болсақ, 2016 жылдың 21 шілде күні Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-не жергілікті тұрғын  20 шілде күні шамасында оның күйеуі Шымкент қаласының тұрғыны 1983 жылғы Кривошапкин Александр Александровичтің жұмысқа шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы арызданғанын хабарлаған болатынбыз.
Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің СДТТБ тізіміне тіркеліп іздеу ісі жарияланды.  А. Кривошапкинді іздеуге ОҚО ІІД-нің тәжиірбелі қызметкерлерінің қатысуымен топ құрылып, ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамына А. Кривошапкиннің фотосуретімен бағыттама берілген болатын.

Қазіргі таңда, хабарсыз кеткен  Александр Кривошапкин өзінің отбасына Шымкент қаласында тұратын танысы арқылы  байланысқа шығып,  ол өзін іздеп жатқаны туралы ақпаратты БАҚ беттерінен біліп, Ресей Федерациясынан  хабарласқан. Сондай-ақ ол өзінің дені сау екенін хабарлап, полициядан өзін іздеу туралы арызды алуын өтінген.
Дегенмен, ОҚО ІІД Криминалдық полиция қызметінің өкілдері, Александр Кривошапкиннің  қай жерде екені анықталмайынша немесе  полицияға өзі келмейінше іздеу жұмыстарын жалғастыратын болады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер хабарсыз кеткен азаматтың автокөлігін Шымкент қаласы Айбергенов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласынан тапты.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысы мен себептерін анықтауда. Тексеру жұмыстары жалғасуда.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жоғалып кеткен қызды оның таныстары үйге қайтып алып келген
Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

Ақтауда 13 жастағы оқушы қыз туған күн кешінен соң із-түссіз жоғалып кетті

Талқылау