Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да ферма жұмысшысы бастығының 15 жастағы қызын зорлап кетті

Шымкентте ферма қожайыны өз қызын зорлаған жұмысшыны ұстап алды.

насилия-620x400

Бұл туралы “Отырар” хабарлайды.

Қожайын 42 жастағы ер адамды өзінің жұмыстарын істету үшін жалдаған. Ал ол болса қожайынының қызын зорлапты.

Шошыған ата-анасы бірден полицияға хабарласқан. Сол кезде барып ер адамның жасөспірім қызды бір емес, бірнеше рет зорлағаны анықталды.

“Фермада жұмыс істеп жүрген жұмысшы 2002 жылы туған қызға қарсы бірнеше рет сексуалды мәндегі зорлық жасаған. Физикалық күш қолдану арқылы қызды қорқытқан. Күдікті екі айға қамауға алынды, енді істі арнайы мамандандырылған сот қарайтын болады”, – деді Сайрам ауданы сотының судьясы Салтанат Қабылова.

Оқи отырыңыз:

Қостанай облысында такси ішінде 50 жастағы әйелді зорлап кетті

Қостанайда қоқыс арасынан шала туған нәрестенің денесі табылды

Бас прокуратура кәсіпкер Тоқмәдидің әйелінің мәлімдемесіне жауап берді

Қостанайда есірткі мафиясын әйел адам басқарған

Талқылау