Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да есірткі саудалаушы мектепте сабақ беріп келген

ОҚО-дағы мектептердің бірінде  денешынықтыру сабағы мұғалімі есірткі саудалағаны үшін 11 жыл үш айға қатаң режимдегі колонияға жабылды. Бұл туралы stan.kz сайты Отырар сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

b860aa7dc4e023350b52d7ad5b400528

Мектеп мұғалімі Мақтаарал ауданына қарасты  Фирдауси атындағы мектепте еңбек еткен. Ол  бес баланың әкесі. Тұңғышы университетте білім алуда.

Ауданаралық мамандандырылған сот төрешісі  Әбинұр Қарабаевтың айтуынша күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

« Ол Тәжікістанда «туыстарының» барын айтты. Одан бір танысы есірткіні жеткізіп беруді сұраған. Осыдан кейін өтініш айтқан кісі өз жолдастарымен бұл азаматты таныстырған. Осыдан кейін олар да бұл азаматтан есірткі жеткізуін сұраған. Бұл Тәжікістандағы өз адамына хабарласып қолынан келген «көмегін» берген»,-дейді судья.

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Тәжікістанға барған кезінде такси қызметін атқаратын азаматпен танысып қалған. Ол күдіктіге есірткі мәселесінде қашан да көмекке әзір екенін айтыпты. Тәжікістандық есірткі  Қазаақстан жеріне жеткізілгеннен кейін келісілген жерге  жасырып кететінін айтқан. Сотталушы оны барып алып кетуі керек болған.

« Сотталушы екінші Қазан күні 2015 жылы таныстары қойып кеткен 1келі 246г есірткіні алып кетпекші болған. Оған дейін азамат ел арасынан тауарды сатып алатын адамдарды іздеген. Біреулерге хабарласып есірткіге құмар адамдарды сұрастырған. Ол азамат полицияға хабарласып, жағдайды баяндаған. Есірткіні сатып алушы ретінде құқық қорғау саласының қызметкерлері әзірленген. Сотталушы тауарды 5000 АҚШ долларына бағалаған. Сатушы мен алушы кездескен сәтте сотталушының барлық заты тәркіленді. Сондай-ақ, оның «меннен өтінгендіктен жеткізіп тұрдым» деген сөзіне істі қарау кезінде сот сенбеді»,- дейді судья.

Соттың үкімі бойынша ол «есірткіні ірі көлемде саудалау» бабы бойынша айыпталып 11 жыл үш айға қатаң режимдегі колонияға жабылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

« Ол расымен де өзгенің өтініші бойынша қылмысқа барған болса құқық қорғау саласының қызметкерлеріне хабарласуына болатын еді. Ол негізінен «ақша тапқысы келгендіктен» осындай жолға  өз еркімен барған»,-деп қосып өтті судья  Әбинұр Қарабаев.

 

 

Талқылау