Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да ер адам пойыз жолаушысының 1 миллион теңгесін ұрлап кеткен

Пойыз жолаушысынан 1 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен 52 жастағы Шымкент тұрғынын транспорттық полиция қолға түсірді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

оооо

Сурет newskaz.kz

“Шымкент бекетіндегі ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 50 жастағы Алматы тұрғыны келіп, “Атырау-Алматы” жолаушылар пойызында белгісіз біреудің құжаттары мен ашқасы бар әмиянын ұрлап кеткенін айтады. Келтірілген шығын көлемі – 1 миллион 15 мың тенге”, – делінген хабарламада.

Жедел іздестіру шараларының арқасында криминалдық полиция қызметкерлері 1964 жылы туған Шымкент тұрғынын ұстады. Күдікті істі қалай жасағанын айтып берді. Ұсталған адамның айтуынша, ұрлаған ақшаны ол өз үйінің ауласына жасырып тастаған.

Ұрланған ақша мен зат қайтарылды. Енді оның әрекетіне қатысты ҚР ҚК 188 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалмақ.

Талқылау