Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да екі кәсіпкер 100 отбасыны бір ай бойы асырайды

Оңтүстік Қазақстан облысында екі кәсіпкер қасиетті Рамазан айында 100 отбасыға бір айға жететін азық-түлік таратты.

a91550a55eb6b15331421100583a82f9

Мақтарал ауданында тұратын кәсіпкер Медет Тайманов бала күнінен бірге өскен досы әрі бүгінде бизнес саласындағы әріптесі Нұржан Абдубайтовпен бірге қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Қалталы азамат әлеуметтік тұрмысы төмен 100 отбасының басын қосып, Алла үйінде азық-түлік үлестіріп берді. Кәсіпкер Медет Таймановтың айтуынша, таратылған қажеттілік бір айға жетеді. Ал тегін үлестірілген азық-түлікті жағдайы төмен отбасылардың үйіне дейін жеткізіп беру жағын да демеушілер өз мойнына алған.

«Мұндай қайырымдылық акциясын біз былтыр да өткізген болатынбыз. Биыл соның жалғасын жасап отырмыз. Досым екеуміз де «Нұр Отан» партиясының мүшесіміз. Партияға көмек сұрап келген отбасылардың ішінен елуіне, қалғанын мешіт тізіміндегі тұрған жанұяларға қол ұшын берсек деп шештік. Шариғатта қолың қалтырағанша өзгелерге көмегіңді аяма деген бар ғой. Біздің мекеме тек қана Рамазан айында ғана емес, ай сайын тұрақты түрде жеті отбасыға осылай демеушілік жасап келеді. Азық-түлік таратумен ғана шектеліп қалмай, коммнулдық төлемдерін төлеп, кейде қаржылай көмек те көрсету дәстүрге айналған»,-деді кәсіпкер.

Қайырымды жандардың назарына ілінген мақтаралдық тұрғындардың қуанышында шек жоқ. «Әлеуметтік қолдау – әлеуетті қолдау» атты акция аясында көмекке ие болғандардың қатарында былтыр орын алған төтенше жағдай салдарынан отбасының асыраушысы мүгедек болып қалған Айжан Арыстанова бар.

«Кәсіпкер інілеріміздің арқасында бүгін бір айлық азық-түлікке ие болып отырмыз. Былтыр үйіміз өртеніп, жолдасым ІІ-топ мүгедегі болып қалып еді. Содан бері өміріміз қиындап, асыраушысыз қалдық. Осындай жомарт жандардың арқасында баспаналы болдық, Аллаға шүкір. Қайырымдылық акциялардың арқасында үйімізге азық-түлік жеткізіп беріп тұрады. Әрине, алғысым шексіз»,-деді жомарт жандардың көмегін алған тұрғын.

Тағы да оқыңыз:

ҰҚК арнайы жасағының майоры тактикалық жаттығу кезінде көз жұмды

Оттың ортасында арпалысқан өрт сөндірушілер айына 52 мың теңге ғана алады

Ақмолалық полицей жетім қызды өз қамқорлығына алды

Талқылау