Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да “жедел жәрдеммен” демалысқа шыққан дәрігерлер қызметінен қуылды

Сарыағаш ауданында 1 мамырда медицина қызметкерлері “жедел жәрдем” көлігімен табиғат аясына барып демалып, селфи жасаған. Нәтижесінде мемлекет мүлкін басқа мақсатқа пайдалануға жол берген үш адам жұмыстан қуылды.

dalanews-sariagash-840x420

Бұл туралы rgmedia.kz хабарлайды.

1 мамыр мерекесінде аталған емхананың жұмысшылары ұйымдасқан түрде “жедел жәрдеммен” демалыс ұйымдастырған. Сонда түскен суреттері арада екі ай өткенде журналистердің қолына түсіп қалыпты. Фотолардың бірінде медициналық “Уазиктің” маңында қой етін боршалап жатқандар естелікке түскен болса, екіншісінде де сол “жедел жәрдемнің” қасында жайылған демалыс дастарханына жайғасқан қызметкерлердің қуанышты күйлері бейнеленген. Алайда олардың қуаныштары су сепкендей басылды.

Өйткені, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейітжамал Пәкеев суреттерді көріп жағасын ұстапты. Сөйтіп іс-шараны анықтау үшін облыстық әкімдіктің инспекторы мен денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері бастаған арнайы коммисия құрылып, нәтижесінде үш қызметкер жұмыстан босатылған. Олар – жедел жәрдем бөлімінің аға дәрігері, селфи жасаушы фельдшер және гараж меңгерушісі. Ал, Сарыағаш аудандық орталық емханасының бас дәрігері Нұржан Ақбердиевке сөгіс берілген. Өз кезегінде демалушылар мінген “жедел жәрдемнің” резервте тұрғанын алға тартыпты. Көлікке зақым келген жоқ, ешкім зардап шекпепті.

dalanews-sariagash01-768x473

Осы аптада бұқаралық ақпарат құралдарында сол Сарыағаш ауданында 8 әйелді бір «жедел жәрдеммен» алып бара жатқан видео пайда болды. Оның көбі аяғы ауыр, едендегісі күре тамыр арқылы тамшылату емін қабылдап жатыр. Видео биыл шамамен сәуір айында түсірілген.

“Біздің ауданда айына 700-дей бала дүниеге келеді. Күн сайын кемінде 15 аяғы ауыр әйелді облыстық перинаталдық ауруханаға жеткіземіз. Үш “жедел жәрдемнің” біреуі жағдайы ауыр үш әйелді алып кетті. Екіншісі Шымкентке инсульт алған науқасты алып кетті. Үшіншісі ауыр миокард инфарктін алған адамды кардиоорталыққа алып кеткен. Сол күні бізде басқа машина болмаған соң амалсыз әйелдерді солай бір көлікпен жіберуге тура келді, – деп ақталған екен сол кезде Сарыағаш аудандық орталық емханасының бас дәрігері Нұржан Ақбердиев.

Талқылау