ОҚО-да дәрігерлер абайсызда сірке суын ішіп қойған қызды ажалдан аман алып қалды

ОҚО-да 15 жастағы қыз судың орнына абайсызда сірке суын ішіп қойған. Төтенше жағдай 15 мамырда Мақтарал ауданының Жетісай қаласында орын алған.

ОҚО-да дәрігерлер абайсызда сірке суын ішіп қойған қызды ажалдан аман алып қалды

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Абайсызда сірке суын ішіп қойған қыз жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қызға тиісті медициналық көмек көрсетіп, асқазанын шайған. Ақ халаттылардың шұғыл әрекетінің нәтижесінде науқастың жағдайын қалыптандыру мүмкін болды.

Қыз есін жиғаннан кейін қатты шөлдеп тұрып сірке суын кәдімгі сумен шатастырып алғанын айтты.

«Зардап шеккен қыздың ата-анасы бірден жедел жәрдем шақырған», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Алайда полиция аталған оқиғада ҚР ҚК 105-бабы 3-бөліміне сәйкес (Кәмкелет жасқа толмаған тұлғаны өзіне қол жұмсауға жеткізу) қылмыс құрамы бар-жоғын тексеруді ұйғарған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық альпинист Эверест шыңын бағындырып, ұлына сүйген қызының жүрегін жаулауға көмектесті

Балалардың ішкиімін шешіп тексерген: Алматыдағы балабақшалардың бірінде шу шықты

«Қазақстан аруы» байқауда ұтып алған ақшасын жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға берді (фото, видео)

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар