Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да бойжеткен қызды аяусыз соққыға жыққан

Оңтүстік Қазақстан облысында бойжеткенді қатты соққыға алған видеоны Facebook қолданушысы Айгүл Орынбек жүктеп, оқиғаның мән-жайын анықтауды Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне және ОҚО Ішкі істер департаментіне хат жолдаған.

229

Қазір полиция қызды ұрып-соққыға жыққан видеоны зерттеп жатыр.

“Біз бұл видео жайлы таяуда ғана білдік. Қазіргі уақытта бұл видеоның қайдан түскенін, яғни дереккөзін анықтауымыз керек. Видеода төбелестің қоймаға ұқсас жерде болып жатқаны көрінеді. Қазіргі уақытта төбелестің қайда болғанын айту қиын. Бірақ қайткенде де қызметкерлеріміз осы іс бойынша жұмыс істейді. Бізге уақыт керек”, – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Кадрда бір қыз тағы бір қызды шашын жұлып, қолмен ұрып, аяқпен теуіп, аяусыз соққыға жыққан. Видеода оның  кешірім сұрауын талап ететіні бейнеленген. Артынан ұрып жатқан қыз аяғын сүюді талап етеді. Оқиғаны бірнеше адам қарап тұрады.

Талқылау