Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да бір мектептің 40 түлегі “Алтын белгі” иегері атанды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданындағы Момышұлы атындағы мектепті тәмамдаған 57 түлектің 40-ы “алтын белгі” иегері атанды. Жалпы, бұл мектептің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жинаған орташа балы – 114. Бұл мектептің түлектері осымен үшінші жыл қатарынан еліміздің басты емтиханында үздік көрсеткіш көрсетіп отыр.

ьртпиав

Сурет baq.kz

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Қазақстандағы тестілеудің 6 күнінде 81990 түлек ҰБТ тапсырса, оның 59 832-сі қазақ тілінде, 22 158-і орыс тілінде сыннан өткен. Ал нәтижелерді қайта қарау комиссиясына 279 өтініш келіп түскен. Тестілеу нәтижесімен келіспейтін түлектер келесі күні 14:00-ге дейін өтініш беріп үлгеруі керек.

ҰБТ-да 125 балл жинаған алматылық Динара Матқалиева өз жоспарымен бөлісіп те үлгерген болатын. Ол келешекте қаржы саласында қызмет еткісі келеді.

Ал еліміздегі мектеп түлектерінің үштен бірі ұлттық тестілеуді тапсырудан бас тартты. Астана қаласы бойынша емтиханға 600 түлек қатыспаған. Ал Ақтөбеде бұл сан 2000-ды құрайды. Министрлік бас тартқандардың көбісі шетелдік жоғарғы оқу орнына тапсырғылары келіп отыр дейді.

Сондай-ақ, міндетті 50 балдан аса алмағандар екінші рет қайта тапсыра алады. Екінші мәрте тест тапсыру үшін түлектер 2242 теңге төлеп, тамыз айына дейін дайындалуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, колледж түлектері де 2017 жылдың қаңтар айында қайта ҰБТ тапсыра алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев баяндап берген еді.

Тағы да оқыңыз:

ҰБТ-дан 125 балл жинаған түлек үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдаланбаған

ЖОО-лар ҰБТ тапсыра алмағандарды да оқуға қабылдай беретін болды

БҚО-да 125 балл жинаған ауыл мектебінің оқушысы Лос-Анджелесте оқығысы келеді

Талқылау