Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да бір-бірімен пышақтасқан алты адам ауруханаға түсті

Шымкентте пышақ жарақатымен бірден алты адам ауруханаға түсті. Алдын ала деректер бойынша, пышақтасып қалғандар 22 мен 33 жас аралығындағы еркектер екен.

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Бастапқыда олардың арасында ерегес болып, содан соң олар бір-біріне пышақ сілтеген. Нәтижесінде алтауы да жедел жәрдем көмегімен ауруханаға жеткізіледі.

“Олар 27 қазан күні кешке түсті. Біреуі кеуде тұсынан жеңіл жараланған. Жалпы кеткен қан көлемі 2 литрге жуық. Екіншісі кеудесінің екі жағынан және жүрек тұсынан жарақат алған”, – деп хабарлады қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Тағы екеуі құрсақ қуысы жарақатымен түскен. Қазір олардың жағдайлары ауыр. Қалғандары болмашы жарақаттармен түскендіктен оларға ем-дом көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Бұл жағдайды облыстық ІІД растады. Қазіргі таңда полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Төбелеске қатысушыларға қатысты “Бұзақылық” және “Денсаулыққа әдейі ауыр зиян келтіру” баптары бойынша іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда кондуктор «Оңай» картасы үшін оқушы қыздың жағын сындырып, бет-аузын көгертті

Алматыда анасының абайсыздығы салдарынан баланы көлік қағып кетті

Талғар тұрғыны күйеуін орындықпен ұрып өлтірді

Астанада 20 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап кетті

Талқылау