Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да балалар оқу жылы басталғанда ауыл клубында оқуға мәжбүр

Оңтүстік Қазақстанда мектеп оқушылары ауыл клубтары мен әкімдік ғимараттарында білім алуға мәжбүр. Төлеби ауданына қарасты үш ауылдық мектептің күрделі жөндеу жұмыстары ала жаздай жүргізілмей, тек тамызда бастаған, – деп хабарлайды КТК анасының сайты.

ллл

Құрылыс тек екінші тоқсанға таман аяқталуы тиіс. Ал оған дейін жеткіншектер не компьютер сыныбы, не зертханасы жоқ әкімшілік нысандарында оқымақ.

Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылындағы оқушылардың бір сыпырасы клубта білім алуда. Қабырғада ғұламалардың суретінің орнына мұнда келіп кеткен әншілердің фотолары ілінген. Ал оқушылар қаттырақ сөйлеуге де қорқады. Себебі, көрші сыныппен арасын жұқа мата ғана бөліп тұр.

-“Мектебіміз талапқа сай қабылданса. Демалыс кезінде жуып-шайып тазалап орнықсақ болды”, – дейді Түлкиев атындағы орта мектептің мұғалімі Эльвира Шырынбекова.

Мәселен, 480 баланың 5 сыныптан жоғарылары Мәдениет үйінде оқыса, бастауыштар жөндеу жүріп жатқан мектептің шеберханасына орналастырылыпты. Ата-аналар жағы наразылықтарын білдіргенімен, кейбірі тіпті өздері жұмысшы жалдап, жөндеудің тезірек бітуіне үлес қосуда.

-“5 немерем оқиды. 2-еуі клубта, үшеуі осында. Жаздай 3 ай тұрды мысалға. Бір мектеп салып тастайын уақыт қой. Түсінбедік”, – дейді Қасқасу ауылының тұрғыны Күлпаш Жұмажанова.

Күз келгенде күрделу жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептің түрі мынау. Шашылып жатқан құбырларды айтпағанда не ішкі, не сыртқы сылақ жұмыстары бітпеген. Жөндеуді тек бір ай бұрын ғана бастаған жұмысшылар мектепті қолданысқа беру үшін кемінде бір ай қажет деп отыр.

Атқамінерлер болса бар кінәні мектепті жөндеу үшін тендерде таласқан мердігерлерге жабады. Бір-бірінің үстінен арыз жазуы себебінен жұмыс осы күнге дейін жүргізілмеген. Тек, бірер күннен кейін ғана компания нақтыланып, жұмыс басталмақ. Ол үшін 180 млн теңге бөлініп те қойған.

-“Оқу процесі жүріп жатыр. Ол жерде сабақ жүрмей басқа бір проблема боп жатқан жоқ. Мәселе осы күрделу жөндеуді жоспар бойынша 25-ші қазанға дейін толық балалардың бәрі өз мектебінде оқиды”, – Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы Сейіт Бекмұрзаев.

Дер кезінде қимылдамаған шенеуніктердің өзі жауапты әріптестерін қатаң жазалаймыз деп сендіреді. Тек, түрлі мекемелерді жағалап жүрген 3 мектептің  900 оқушысына одан тиер пайда жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда мектеп оқушысы басындағы орамалына байланысты сабаққа бара алмай жүр

АҚШ-та бес жасар бала мектепке таңғы астың орынына есірткі алып келген

Қайрат Нұртас Астанадан мектеп ашқалы жатыр

Британияда жеткіншек жазғы демалысқа жігіт болып кетіп, мектепке қыз болып оралды (фото)

Талқылау