ОҚО-да бала ұрлаған келіншек жантүршігерлік әрекетінің себебін түсіндірді

Бейсенбі, 31 Наурыз , 2016 23:15

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы да бала ұрланды. Алайда перзентінен көз жазып қалған ата-ана дереу тәртіп сақшыларына хабар бергендіктен, бұл жолы бүлдіршін тез табылған,-деп хабарлайды ктк арнасы.

ұрлаған

«Мен мұндай күй кешемін деп ойлаған жоқ едім. Үш ұйықтасам түсіме кірген жоқ негізінде»,- бүлдіршіннің әжесі Клара Тоқымбаева.

Түлкібас ауданы Састөбе ауылында 5 жастағы бала екі кеште аулада ойнап жүрген жерінен ізім-ғайым жоғалып кетіпті. Оның жақындары полицейлерге шұғыл хабар берген. Дереу жеткен жедел топ куәгерлерден сұрау арқылы баланы белгісіз әйелдің балмұздақ әперемін деп жетектеп әкеткенін анықтаған. Арада бірнеше сағат өткен соң бүлдіршін көрші ауылдағы 30 жастағы келіншектің үйінен табылды. Адам ұрлаған әйел тәртіп сақшыларына не үшін мұндай қадамға барғанын түсіндіріп бере алмады. Қазір ол қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Өзі бауыр тартып, қалай үйге әкеткенімді білмей қалыппын. Күйеуім жұмыста еді, үйге келгенде «мына баланы қайдан алдың?» деп сұрады. Енді айтқалы жатқанда ауылдың учаскелік инспекторлары келіп қалды. Не істерімді білмей сасқалақтап қалдым»,-дейді күдікті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар