Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да бала ұрлады деп күдікке ілінген әйел полицияға өзі келген

Әйел өзінің суреттерін барлық арналардан көріп таң қалған. Осыдан кейін жергілікті полицияға өзі келген. 50 жастағы Сәндыгүл Сүйіндік осы уақытқа дейін Алматыда болғанын айтқан. Бала ұрлады деп күдікке ілінгеннен кейін ол іске еш қатысы жоғын дәлелдеу мақсатында полицияға өзі келгенін айтқан,-деп хабарлайды Информбюро сайты.

сандикуль
« Бұл кісінің тұрақты баспанасы жоқ,оны қажет болған жағдайда қайдан іздеуді де білмейміз. БАҚ-қа рахмет бұл кісі өзін көріп полицияға келуіне септігін тигізген. Бұлай болмағанда осы кісіні іздеп қаншама уақытымызды жоғалтатын еді. Қазір ол кісі тергеліп жатыр. Барлығы тексеріліп жатыр. Енді фотороботы жасалған әйелді іздестіретін боламыз»,-деген Сапабек Жарқынбеков.

Есте болса кеше ғана ОҚО полициясы 1965 жылы туылған Сәндігүл Сүйіндіктің суретін жариялап, 6 жасар Мұхаммед Қамшыбектің жоғалуына күдікті ретінде тіркеген болатын. Бұл әйел жоғалған баланың үйінде бірнеше рет болған әрі әжесінің танысы екен. Ол баланың әжесінен бір перзентін асырап алуға беруін сұраған. Мұхаммедтің туыстары баланы Сәндігүл Сүйіндіктің ұрлағанына сенбеген еді.

6 жастағы Мұхаммед Қамшыбек бірінші сыныпта оқып жүрген. 20-шы ақпан күні сабақтан кейін үйіне оралмаған. Сыныптастарының сөзінше баланы қарт әйел ертіп кеткен. Жергілікті таксиші баланы ұрлаған әйелмен бірге Темірлан ауылындағы ауруханаға жеткізіп салғанын айтқан. Кейіннен баланы ұрлаған әйелмен бірге Шымкенттегі базарлардың бірінде, әуежайда көрдік дегендер болған. Баланы мектептен ертіп кеткен әйелдің фотороботы таксишінің айтуымен жасалған.

Талқылау