Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да баға сатқан мұғалім жұмысынан қуылды

Желіде тараған видеоны қысқы сынақ алдында студенттердің бірі түсіріп, әлеуметтік желілерге салып жіберген. Ғаламторда тарай сала оқу орнының басшылығы Нұржамал Жанбосынованы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыстан босатыпты,-деп хабарлайды ктк арнасы.

1455172990_snimok

Ақша жинаған педагогты жақсы білмейтін едім деп құтылған колледж басшысы Жанбосынованың жұмыстан босар алдында жазған түсініктемесін оқып берді.

«Өз кабинетімде жұмыс істеп отырғанмын. Сол себепті қан қысымым көтеріліп, ауырып отырғандықтан айтқаным есімде жоқ. Өзім фейсбуктен көріп аң-таң қалдым. Осы үлкен еңбек өтіліммен ұмытылмас сабақ алдым. Алдағы уақытта мұндай заңсыз әрекетке жол бермеймін»,-дейді Агробизнес және туризм колледжі директорының міндетін атқарушы Бақыт Дәулетов

Студенттерден ақша дәметкен педагогтың видеосы ғаламторда пайда бола сала облыстан комиссия да келіпті. Таңертеңнен жүрген шенеуніктер шәкірттер мен оқытушыларға дейін түсініктеме алған. Ал біз Нұржамал Жанбосынованы іздеп үйіне бардық. Бірақ есікті ашқан ұлы анасының қан қысымы қатты көтеріліп жатқанын ғана айтты.

«Анамнан айырылып қала ба деп отырмын. Адамның жүйкесіне тимей кетіңіздерші»,-деген үйінің есігін ашқан Нұржамал апайдың баласы.

Білім саласында 27 жыл өтілі бар Нұржамал Жанбосынованың қанша уақыттан бері баға сатып келгені әлі де анықталып жатыр. Тексерудің қорытындысы бойынша колледж басшыларына дейін жазалануы мүмкін. Айта кетсек, сынақ үшін мың жарым теңгеден жиған топтың шәкірттері қысқы емтиханнан түгел сүрінбей өтіпті. Енді олардың да білімі қайта тексерілмекші.

Бұған дейін ұстаздың студенттерімен қалай саудаласып жатқаны анық көрінетін видеоны жариялаған болатынбыз.

Талқылау