Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да әйел өзінің 7 жасар ұлын аяусыз сабап тастады

Шымкент қаласында анасы жеті жасар баласын аяусыз ұрып тастаған. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

вмвм

1986 жылғы әйел туған баласын аямай сабаған. Бала ес-түссіз жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел дәрігерлерге баланы құлап қалды деп айтқан. Алайда дәрігерлер баланың денесін мұқият қарап, оған соққы жұмсалған деген қорытындыға келген. Содан кейін дәрігерлер дереу полицияны шақырады.

Қазіргі таңда құқық қорғаушылар ҚР ҚК 107 бабы “Әдейілеп дене жарақаттарын салу” бойынша іс қозғады. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, әйелдің әрекетіне қатысты шешім қабылданады.

Бала қазір облыстық ауруханада ауыр халде жатыр. Ол бас-ми жарақатын, бас сүйек жарақатын алған және мойны мен беті күйіп қалған.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында екі жігіт асқан қатыгездікпен зорлаған бойжеткен өз өмірі үшін қорқып жүр

Жұрт ескінің әншісі санайтын Заттыбек заманауи шаш үлгісімен таңғалдырды

Абақтыдағы Есентаевты 50 жасымен құттықтаған қарындасы жұрттың жүрегін елжіретті

Әйелімен жанжалдасқан қарағандылық өгей қызын зорламақ болған

Зырянов ауданынан былтыр қыста жоғалған азаматтың өлі денесі табылды

Талқылау