Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да анасы сабап өлтіріп қоя жаздаған 6 жасар бала есін жиды

Оңтүстік Қазақстанда 36 жастағы әйел туған ұлын сабап, өлтіріп қоя жаздады. Сайрам ауданына қарасты Ханқорған ауылының тұрғыны Нәзира Бекбаева 6 жастағы ұлы Мұратты миы шайқалып, бір бүйрегі зақымданғанша тепкілеген. Дәрігерлер әрең дегенде аман алып қалған жеткіншектің өзі қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал жалғызбасты ана қамауға алынған. Туған ұлын өлімші етіп сабаған әйелдің ашуына не себеп болғанын әзірге ешкім айта алмай отыр.

Алдыңғы қатардағы партаның бос тұрғанына осымен екінші күн. Мектепке дейінгі дайындық сабақтарына барып жүретін Мұрат әдетте осында отыратын. Тәрібімен де, сабағымен де озат оқущылардың қатарында жүретін ол туған анасынан таяқ жеп, ауруханаға түсіпті дегенді естіген мұғалімдері де аң-таң. Айтуларынша, 6 жасар Мұрат қойдан жуас, ал анасы тым  мейірімді көрінетін дейді.

“Ондай ешқандай ауытқушылық ондай ештеңе көрген емеспін. Баласына барлық жағдайды жасаған. Сұраған заттарын алып беретін. Түгел оқу құралдары түгел. + Бұрын-соңды Мұрат сабаққа келген кезде дене жарақаты көрінбеген бет әлпетінен, қолынан, еш жерінен”, – дейді мұғалім Сәуле Байымбетова.

Жексенбі күні 6 жасар ұлын өлімші етіп сабаған Нәзира Бекбаеваның өзі Ханқорған ауылындағы мына үйде тұрады. 8 жасар қызы және 6 жасар ұлымен бірге ағасының үйін паналап жүрген жалғызбасты ана жұмыссыз болған екен. Бірге тұратын туыстары үйінде болмай шықты. Ал ағайындары Нәзираның жастайынан әке-шешесінен айырылып, ата-әжесінің қолында өскенін айтады. Онша араласа бермейміз десе де, енді алыс-жақыны жиылып қарындастың бұл ісін өздері де қарамақшы.

“Қанша жүрегің ауырады. Қанша не болғаннан кейін. Оған қанша дегенмен келіп кетеді. Бірде көрем, бірде көрмеймін. Біз енді постоянно аңдып отырмаймыз ғой, қанша ауылдас, не туысқан болғаннан кейін”, – дейді , туысы Жұманғали Бекпаев.

Назираның өзі қазір қамауға алынған. 2-ші сынып оқитын үлкен қызы туыстарының қолында екен. Ал, анасынан таяқ жеп, о дүниеге аттана жаздаған Мұраттың өзі жансақтау бөлімінде. Есін бүгін жиыпты.

“Ми зақым жеген. Сол бүйрек зақым жеген. Кома дейді, есінен танып қалу 3-ші степеньде. Тыныс жетіспеуінің 3-ші дәрежесінде болған. Травма, геморрогический шокта келген”, – дейді реаниматолог-дәрігер Еркін Сарманов.

Дәрігерлер Мұраттың өміріне енді қауіп жоқ дейді. Ал қамауда отырған анасы баласына неліктен тым қатыгездік танытқанын түсіндіріп жатыр. Мұрат толық сауығып шығам дегенше тірі жетім атануы да мүмкін. Себебі, үстінен “денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру” бабы бойынша іс қозғалған Нәзира Бекбаеваны енді аналық құқығынан айыру мәселесі де қарастырылуда.

 

Талқылау