Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да ауылды 200 полицей қоршауға алды

Полиция Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының ауылында бұзақылық әрекеттер болған оқиғаға қатысты түсінік берді.

12123656

Таратылған хабарламаға сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының Сейфуллин ауылында тұрғындар арасында бұзақылық іс-әрекеттер орын алды. Үш тұрғын дене жарақаттарын алып, дүкендердің бірінің терезесі сынды.

“Бұзақылық әрекеттердің орын алуына, Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына сексуалды сипаттағы әрекеттер жасалды деген күдігі себеп болған. Ата-анасының бақылауымен дәрігерлер жас қыздың денесінің интимді жерлерін тексеріп, нәтижесінде патологиясы мен дене зақымдары анықталмады”, — делінген Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің хабарламасында.

Аталған жайт Сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық және психология-психотриялық сараптамалар тағайындалды. Күдікті ата-анасының жауапкершілігіне берілді.

Аталған бір топ азаматтардың бұзақылық іс-әрекеттерін тергеу бойынша аудандық ІІБ криминалистерімен және тергеушілерімен жедел-тергеу тобы құрылды.

“Қоғамдық қакуіпсіздікті сақтау мақсатында ішкі істер органдарының 170 қызметкері жұмылдырылды. 1-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Сейфуллин ауылының тұрғындарымен жиын өткізді. Құқыққорғау және мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттарының бірлескен іс-әрекеттерінің арқасында, тәртіпке қарсы іс-әрекеттер шектеліп, тоқтатылды. Жағдай бақылауда”, — деп ақпараттандырды ведомствода.

Талқылау