Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да ауыл тұрғындары жабылып науқас жанға баспана салып жатыр

Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде барша жұртқа үлгі боларлықтай игі іс қолға алынды. Бірлік аймақтық кентіне қарасты Пернебаев ауылының тұрғындары бірінші топтағы мүгедек Әбиболла Ибрагимовқа жаңа үй салып беруге кірісті, – деп хабарлайды BNews.kz.

үйііііі

Ауыл тұрғындарының қай-қайсысы болсын қолдарынан келген көмекті көрсетуде: біреу қаржылай жәрдемдессе, біреуі – азық түлікпен, енді бірі құрылысқа қолғабыс етуде.

үй

«Шынымды айтсам, бастапқыда қалай болар екен деп уайымдағаным рас. Заман қанша өзгерсе де, қолы ашық, жомарт жандар баршылық. Үйдің іргетасы құйылды, қазір қабырғасын қалауға кірістік. Құрылысқа 40 шақты адам атсалысып жатыр. Үйді биыл аяқтауға тырысып жатырмыз», – дейді бастама көтерген жергілікті тұрғын Сариев.

 

 

 

Талқылау