Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да ауладан табылған қыз сот шешімімен асырап алған анасында қалдырылды

Оңтүстік Қазақстан облысында сот шешімімен, ауладан табылған қыз асырап алған анасында қала беретін болды. Бейсенкүл Әбубәкірова кішкентай сәбиді бірнеше жыл бұрын өз ауласынан тауып алған еді.

pipopp-696x430

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Бейсенкүл апа қызды өзінде бұрын да қалдырғысы келгенімен, оның құжаттарын рәсімдей алмаған. 8 жылдан соң қызды балалар үйіне жіберу керек деген кезде барып, қыздың тағдыры үшін күресіпті.

Кішкентай Инабат таң атқаннан анасына көмектесіп, үстел жасап, гүл суғарады. Бейсенкүл апа болса бұл қызды маған Алланың өзі жіберген дейді. 8 жыл бойы ол қыздың шын анасын таба алмаған.

“Құрбан айт мерекесі кезі еді. Таңертең далаға шыққанмын, қақпа алдында сәби жатты. Менің үш балам бар еді, бұл қызды да өз баламдай бауырыма бастым. Жақында ғана құжат рәсімдейтін кезде Инабатты менен алып қоюы мүмкін екені туралы айтты. Ал мен онсыз өмір сүре алмаймын”, – дейді апа сәбиді қалай тауып алғанын баяндап.

opkomop-696x394

Инабат – өте сабырлы, ақыл-ойы ұшқыр болып өсіп келеді. Анасы оған жан-тәнімен білгенін үйретеді. Болашақта әнші болуды армандайды екен. Мектепте де сабақ үлгерімі жақсы.

Аудандық білім бөлімі де бұл жағдайдан хабардар. Олар зейнеткерге құжат жинауға көмектесіп, істі сотқа жіберген. Бірнеше процестен соң, сот та өз шешімін шығарды.

“Біз құжаттарды жинап, сотқа жібердік. Ал сот қызды Бейсенкүл апада қалдыру керек деп шешті. Қызды асырап алу туралы шешім шықты. Енді қызды ешкім де тартып ала алмайды. Заң бойынша Инабаттың анасы Бейсенкүл Әбубәкірова”, – дейді Шардара аудандық білім бөлімінің өкілі Ақжібек Жантөреева.

Отбасының алдағы уақытта үлкен жоспары да бар. Ең бастысы – қызға лайықты білім беру. Ал болашақта Инабан үлкен сахнанын бағындыруды мақсат тұтпақ.

Оқи отырыңыз:

Зарина Омарова сахнаға қайта оралу үшін 25 келі салмақ тастаған

Соңғы кезде кең тараған жалған ақшаларды ажырата білуге үйрететін ролик таралды (видео)

Түпнұсқа косметиканы жасанды түрінен ажыратудың 7 әдісі (фото)

84 жастағы зейнеткер қашып бара жатқан ұрыны шалып құлатты (видео)

Талқылау