Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да аудан әкімі үшемді болған жас отбасыға 3 бөлмелі пәтер сыйлады

Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында үшемді болған жас отбасыға пәтер кілті табыс етілді.

а

Кадр ТВК арнасынан алынды

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.

Биылғы жылдың 21-ақпанында Есімовтер әулетінде үш бірдей ұл дүние есігін ашып, елді қуанышқа бөлеген еді. Бүгінде той тойға ұласып, аудан әкімі қуаныш иелеріне сый-сияпат жасады. Нұрсұлтан, Ерсұлтан, Бексұлтан атты бүлдіршіндердің ата-аналарына сәбилерге арналған құрал-жабдықтар мен теледидар және 3 бөлмелі пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Безымянный

Мұндай жағымды жаңалық ауданда соңғы 30 жылда алғаш рет орын алып отыр. Екінің біріне беріле бермейтін бақытқа қол жеткізген қуаныш иелері, аудан басшыларына шексіз ризашылықтарын білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында қалталы азаматтар 8 балалы отбасына үй сыйлады

Шымкенттегі жағдайы қиын отбасыға Алматылық кәсіпкер үй сыйлады

Талқылау