Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да анасынан аяусыз таяқ жеп ауруханаға түскен 7 жасар бала мүгедек болып қалуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысында анасынан аяусыз таяқ жеген 7 жасар Асылдың мүгедек болып қалу қаупі жоғары. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

20170622181141

Дәрігерлердің айтуынша баланы қазір ауруханадан шығаруға болады, бірақ оның сол аяғы мен қолының қимылы әлі де ойдағыдай емес. Баланың денсаулығы әлі оңалту шараларының жасалуын талап етеді.

Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша, аурухана баланы өздіктерінен оңалту орталықтарына жібере алмайды екен. Ол үшін Ордабасы аудандық білім бөлімінің мамандары іске араласуы керек.

“Қазір Асылдың жағдайымен тұрақты түрде хабардар болып отырмыз. Егер аурухана басшылығы оны шығарамыз десе, біз оңалту орталығына баланы алып баратын құжаттарды дайындауға кірісеміз”, – дейді білім бөлімінің әдіскері Бақберген Сәрсенбеков.

Маманның айтуынша, кей азаматтар демеушілік жасап, баланың ем-дом шығындарын көтеріп жатыр екен.

Еске салсақ, бұған 1986 жылғы әйелдің туған баласын аямай сабап тастап, баланың ес-түссіз жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені хабарланған еді.

Оқи отырыңыз:

Жақсылық Досқалиев: Бүгін өлсем барлық қажет жерге ағзамды берер едім

Денсаулық министрлігі бас дәрігерлерді қысқартып, медбикелердің жалақысын көтермек

Балалардың ойнап жүрген фиджет спиннер ойыншықтары зиян ба?

Қытайдан Қазақстанға әкелінетін дәрі-дәрмек саны 30 есеге артты

Талқылау