Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 83 адам қар құрсауынан құтқарылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы №12 Өрт сөндіру бөлімінің кезекшілік бекетіне сағат 18.30-да Кентау-Шолаққорған бағытында ауа райының күрт өзгеріп, қалың қар жауып, жел тұру салдарынан қар құрсауында бірнеше атовтокөліктердің қалуы бойынша хабарлама түскен.

27602

Бұл туралы  Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлайды

Хабарлама бойынша Кентау-Шолаққорған тас жолы бағытында қалып қойған автокөліктерді адамдарымен шығару мақсатында Кентау қаласы ТЖ комиссия төрағасы Кнатов,  Ащысай ауылдық округінің әкімі  Қабылбеков және Кентау қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры  Абдуғапаров басқарған топ құтқару жұмыстарын жүргізді.

Кентау-Шолаққорған тас жолы бағытына қар тазалау жұмыстарына бекітілген «Үміт» ЖШС-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, аталған жол бағытында қар құрсауында қалып қойған 77 адамы бар 3 автобус, 3 адамы бар 1 газель және 3 адамы бар 2 КамАЗ көлігі құтқарылды.
Құтқару жұмыстары 13 сағат көлемінде жүргізілді.
Жолды қардан тазалау жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге Кентау қалалық ішкі істер бөлімімен тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

Талқылау