ОҚО-да 5 жасар қыз суға батып кетті

ОҚО-да 5 жасар қыз суға батып кетті. Қайғылы жағдайға ата-анасының бүлдіршінге қарамауы себеп болған көрінеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

ОҚО-да 5 жасар қыз суға батып кетті

Қайғылы оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 17:50 шамасында Мақтаарал ауданына қарасты Атакент ауылында орын алған.

«ОҚО-дағы Мақтаарал ауданына қарасты Атакент ауылында 2013 жылы дүниеге келген бала аңдаусызда «К-39» каналына батып кетті. Сол маңнан өтіп бара жатқан ауыл тұрғындары баланың денесін көріп, алып шыққан», – деп мәлімденеді ТЖК хабарламасында.

Өз кезегінде төтенше жағдай қызметкерлері ата-аналарға өз балаларының өміріне жауапкершілікпен қарап, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

«Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік өңірінде күн жылынып, шомылу маусымы басталмағанымен, балалардың суға кету жағдайы жиіледі. Кез-келген ата-ана үшін баланың өмірі қымбат екені анық. Сондықтан кішкентай балаларыңыздың қараусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз», – дейді ТЖК қызметкерлері.

Оқи отырыңыз:

Жамбыл облысында автобус аударылып, бірнеше адам қаза тапты

Шымкентте мұғалім мектепте асылып қалған

Түркістанда күйеуі кішкентай балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген

Өскеменде полицейлерден қашқан ер адам 5-інші қабаттан құлап кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар