Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 40-тан аса еркекке “зорланған” келіншектің қулығы әшкереленді

Оңтүстік Қазақстанда 40-тан аса еркекке зорландым деп шу шығарған келіншектің қулығы әшкереленді. Бұл келіншек пен күйеуінің ақша табу мақсатында жасалған айласы болып шықты, – деп хабарлайды “КТК” арнасы.

vvvyyy

Оңтүстікте жеңіл жүрісті әйелдің арызы елдің жағасын ұстатты. Келіншекті Қарабұлақ ауылының 42 еркегі зорлапты. 3 жыл бұрын Өзбекстаннан ауып келген 25 жастағы Севара полицейлерге осындай шағым түсірген. 20-дағы жігіттерден бастап 80-дегі қариялар да қорлады депті ол. Алайда, тергеу кезінде бұл азаматтарға тағылған айып дәлелденбеді. Бұл бәлеқор әйел мен оның күйеуінің ақша табу амалы боп шыққан.

Қарабұлақ ауылының еркектері жұрт көзіне көрінуден қалған. Мұндағы 42 тұрғынға Ділмұрат есімді ауылдастары келіп әйелімді зорладың, енді пәлен сома бермесең түрмеде шірітем деп қоқан-лоққы көрсетіпті. Сасқанынан кейбірі ақша беріп құтылған.

“Не асқа, не тойға бара алмаймыз. Далада жүре алмайтын болдық. Елдің бәрі қарап күлетін болды. Мазақтайтын болды. Не деген сұмдық, 8 балам, 24 немерем бар”, – дейді Қарабұлақ ауданының тұрғыны Азат Құдайбергенов.

Тізімде бозбаладан бастап, 80-дегі қарияға дейін бар. Өздерінің біреуді зорлағанын көбісі тергеуге шақыртқан да бір-ақ біліпті. Жұрт Қисық Дима деп кеткен Ділмұрат осылайша 42 адамнан 50 миллион теңге өндірмекші болған екен.

“Мен түнгі сағат 4-те барып оның үйіне кіріппін. Дима Косойды ұрып құлатып, қатынын алып шығып кетіппін. Арыс өзеніне алып барыппын да екі аяғынан былай қойып барлық тірлікті істеппін. Ақырында бөтелкені бір ұрып кіргізіп жіберіппін”, – дейді Ділшат Вахабов.

Ал, жұрттың бәріне зорландым деп арызданған 25 жастағы Севараның өзі 3 жыл бұрын ғана Өзбекстаннан жұмыс іздеп келіпті. Осында Ділмұратпен танысып, бірге тұрған. Зорланудан рекорд жаңарттым деген келіншек тіпті еркектермен қоса кейбір әйелдер де зорлауға қатысты деп көрсеткен екен.

“Севарамен бірге жастық тігетін цехта істеп жүріп таныстық. Күйеуінен таяқ жегенде менің үйімде бір айдан астам тұрған кезі де болды. Сол кездері мен қыздарыммен бірге қинап ұстап әкеме зорлатқызды деп жазыпты. Әкемнің түріне қараңдар, біреуді зорламақ түгілі өзі әрең жүр”, – деп тағы да бір тұрғын Нұрзада Хасанова келіншек туралы пікірімен бөлісті.

Арыз жазылған кезден бастап әр еркекті бірнеше мәрте ауданнан бастап, облысқа дейін тасып тергеген полицейлер ешқайсысынан кінә таппапты. Кейін Севараның өзі жауапқа алынған. Сөйтсе, келіншектің өзі мұндай қитұрқылыққа күйеуі мәжбүрлегенін айтқан көрінеді.

“Барлық іс-әрекеттер күйеуінің көрсетуімен жүргізілген. Яғни, оның ойлары адамдардан қаражат ақша алу боп саналады. Ия, бопсалау боп саналады”, – дейді ОҚО ІІД аға тергеушісі Тимур Сайымқұлов.

Қисық Диманың өзі Сайрам ауданында сол Севарамен бірге тұрып жатқан көрінеді. Кісі ойына кіріп шықпайтын қитұрқы жоспармен пайдаға кенелмекші болған ерлі-зайыптылар 2 адамнан жарты миллионнан астам қаржы да алып үлгеріпті. Қазір, полицейлер сотқа дейінгі тексеруді бастап, Ділмұратты қылмыстық жауапқа тартпақшы. Яғни, абыройы айрандай төгілген өзбек келіншек енді жалғыз қалар түрі бар.

 

Талқылау