Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 39 жастағы ер адам жоғалып кетті

ОҚО полицейлері із-түзсіз жоғалған 39 жастағы ер адамды іздеп жатыр.

20161027190901

«2016 жылы 24 қазанда Қазығұрт АІІБ-ге  1979 жылы туған Шымкент тұрғыны 22 қазанда 1977 жылы туған оның күйеуі Абдуллаев Әкімжан Абылайұлы Қазығұрт ауданы Ащыбұлақ ауылындағы туыстарына кетіп, содан із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған», – деп хабарлады ОҚО ІІД.

Жоғалғанның бойы 170-175 см, орташа денелі, беті сопақша, көзі қара, шашы қысқа қара, маңдайы ашық, мұрны солға қарай қисайған. Ерекше белгілері: жол-көлік апаты салдарынан маңдайы мен сол қолында тыртық қалған. Қара жолақтары бар қоңыр пиджак, қызыл көйлек, торы бар бас киім, көк-қара шалбар, қоңыр туфли киген.

Аталған факт Қазығұрт АІІБ сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелді.

Жоғалған туралы ақпарат білетіндерден  Қазығұрт АІІБ-ге: 8-72539-2-12-46, 8-776-303-95-55 номерлері бойынша хабарлауды немесе  «102» номеріне қоңырау шалуды сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

18 жастағы бойжеткен «Астана Аруы-2016» атанды (фото)

Ақтауда ел-жұртқа күлкі болған ұры ұсталды

Адамның ажалын дәл болжаған ойын-тақта жұрттың зәресін алды

Мүгедек қалпынан аяққа тұрған қыз мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап келеді

Талқылау