Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 17 жасар қыз жоғалып кетті

Жергілікті  полиция қыздың  демалысқа  ата-анасына келіп, 10 мамырда Шымкентке жету мақсатында Жетісай-Шымкент бағыты бойынша жол бойынан таксиге отырғанын анықтаған.

айгерім

ОҚО ІІД баспасөз қызметі қыздың Сарыағаштан Шымкентке бармақшы болғанын айтады.

« 11 мамыр күні Сарыағаш ауданы полициясына 53 жастағы  кісі болған жайт бойынша арыз түсірген. Ол 10 мамыр түскі 15:00-де  кәмелет жасына толмаған қызының оқуға бару үшін Шымкентке шыққанын, содан кейін  хабарсыз кеткені жайлы  айтқан»,-делінген ІІД баспасөз баяндамасында.

Шағымданушының арызы қабылданып қазір  1998 жылы туылған Оспанбекова Айгерімді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айгерімнің айрықша белгілері: Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы ұзын қоңыр түсті, көзі қысыңқы қоңыр түсті.

Киімі: қызыл түсті жейде, оның алдында ақ түстен салынған жүректің суреті болған. Көк түсті джинсы шалбары, қара кеды, қолында сұр түсті сумкасы мен сары түсті қол сумкасы  болған.

 

 

Талқылау