Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да “Цеснабанк” филиалының басшысы салымшылардың ақшасын алып, қашып кетті

ОҚО-да “Цеснабанк” филиалының басшысы салымшылардың ақшасына алып, қашып кеткен. Қазір Нұржан Көлбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

“Цеснабанк” Шымкенттегі филиалының директоры 4 салымшының депозиттегі ақшасын шығарып алған. Барлық шығын көлемі – 465 мың доллар.

Зардап шегушілер банктегі ақшасының жоғалғаны туралы полицияға өткен жылдың қазан айында хабарлаған. Тергеу нәтижесінде олардың ақшасын банк бөлімшесінің бастығы алғаны белгілі болды. Ол кезде Нұржан Көлбаев қашып кеткен.

44 жастағы Көлбаев 10 жылға жуық уақыт  банк басшысы қызметінде істеген. Енді оған “Алаяқтық” бабы бойынша айып тағылып отыр.

“Қазірге дейін ақшасы ұрланғаны туралы 4 азамат арыз жазды. Барлығы да Шымкент қаласы тұрғындар. Олардың біреуі онымен есептескені туралы айтып, арызын қайтарып алды. Оған 20 мың доллар көлеміндегі өтемақысын төлеген», -дейді ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.

Бұған дейін, полицейлер банк басшысын күдікті деп танып, белгілерін атаған еді.

Тағы оқыңыз:

Мамандар: Пакеттегі шай бедеулік пен ракқа шалдықтырады

Ресейлік кондитер елді шулатқан торттың 179 мың доллар тұратынын жоққа шығарды

Америкалық Forbes журналы: Назарбаев Қазақстанды әлемге танытты

Ақтөбе облысында жесір келіншек жұмыс орнында көз жұмған күйеуінің басшысын жазалауды талап етіп отыр

Талқылау