Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұловтың домбыра тартқаны көпшілік талқысына түсті

Facebook желісіне салынған  бейнежазбада әкім  кішкентай жиындардың бірінде қолына домбыра алып тарта кетеді. Қысқа ғана үзіндінің өзі  үлкен сөз таласқа себеп болған. Бұл туралы STAN.KZ сайты хабарлайды.

Ақын Ақберен Елгезек видеоға байланысты  мынадай ойымен бөліседі.

“Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!” Қадыр Мырза Әлі.  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Атамқұлов – қолында қазақтың қара домбырасын ұстап өскен, ұлттық таным мен дәстүр бұлағын қанып ішкен азамат екенін біле жүріңіз, қадірлі достарым!- дейді  ақын.

Несіне таңкаласыздар? Ол не басқа планетаның адамы ма? Осылай өздерің  даңдайсытып алып кейін  таң қалып жүресіңдер, – дейді   Нәзира Имақаева есімді желі қолданушысы.

Кей азаматтар «біздің әкім осындай» деп жақсы қабылдағандарын жеткізіп жатты.

Талқылау