Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО әкімі “Алтын белгі” иегерлеріне 500 мың теңге қаржылай сыйлық берді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов 2015-2016 оқу жылындағы ерекше үлгідегі «Алтын белгі» иегерлерін құттықтап, озат  түлектерге төс белгі мен Алғыс хат табыс етті.  Нақтырақ айтқанда, аймақ басшысы облыстағы мектеп-интернаттарды тәмәмдаған 116 түлекке «Алтын белгі» белгісін тапсырып, ҰБТ-да 125 балл жинаған 6 оқушыға 5ОО мың теңге көлемінде  қаржылай сертификат табыстады.

500-мың

Бұл туралы  “Корреспондент” басылымы жазды.

«Бұл қуаныш – 11 жылғы үздіксіз еңбектің жеңісі. Тәжірибелі ұстаздардың еңбегі және ата-аналардың ақ тілегі. Сіздердің биылғы жеңістеріңіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Сол Тәуелсіздігіміздің тірегі, Егемен елдің ертеңі ретінде Сіздерге, болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін», – деді  Атамқұлов.

Өз кезегінде, бітіруші түлектердің бірі – «Алтын белгі» иегері М.Турдиева аға буын өкілдеріне алғысын жеткізіп, өз замандастарына ақ жол тіледі.

Салтанатты кездесу барысы мерекелік концертке ұласып, түлектер вальсі ұйымдастырылды.

Айта кету керек, республика бойынша 2534 «Алтын белгі» иегері болса, соның 581-і ОҚО түлегі. Яғни, елімізден шыққан әрбір 4-ші «Алтын белгі» егесі біздің облысқа тиесілі болып отыр. Сонымен бірге, ҰБТ кезінде республикада 125 балл жинаған 19 түлектің 6-уы, яғни, әрбір үшіншісі – Оңтүстіктен.

Ерекше ескеретін жайт, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы мектеп-гимназиясының «Алтын белгі» белгісіне үміткер 57 оқушының 40-ы немесе 70,1% өз білімін растап, облыста жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

 

Талқылау