Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО әкімі ӘЧ күміс жүлдегері Жаппарқұлға 4 миллион теңгенің сертификатын табыстады

Бүгін ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Жазира Жаппарқұл мен оның бапкері – ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Нюді қабылдады.

20151207185830 (1)

Кездесуде облыс әкімі Жазира Жаппарқұлды таяуда ғана Американың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдесімен құттықтап, 4 миллион теңгенің қаржылай сертификатын табыстады. Ал бапкері Нюге 1 миллион теңгенің қаржылай сыйлығы берілді.

Басқосуда аймақ басшысы өңіріміздегі спорт саласындағы жұмыстардың жоғары деңгейде атқарылып жатқанын айтып, спортшыларға алғысын білдірді.
Еске салайық, осы жылдың 20-29 қараша аралығында Американың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан ересектер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Қазақстан Республикасының ұлттық құрама сапында оңтүстікқазақстандық 4 спортшы қатысып, нәтижесінде Ж.Жаппарқұл 69 келі салмақта 2-орынды жеңіп алып Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдаманы жеңіп алған еді.

Айта кетейік, ОҚО спортшыларының қоржынында Рио-де-Жанейро олимпиадасына, әзірге, 12 жолдама бар. Осы көрсеткіш бойынша Оңтүстік өңірі республикада көш бастап тұр. Жолдаманың саны жыл соңына дейін мұнан да артуы мүмкін. Өткен жылы облыс спортшыларының қанжығасында 10 жолдама болған еді.

 

Талқылау