Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлназ Жоланова Тәуекел Мүсліммен неге сүйіскенін түсіндірді

Гүлназ Жоланова "Махаббатым жүрегімде" сериалында Тәуекел Мүсіліммен не үшін сүйісуге мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі Қарақатпен шай бағдарламасына сілтеме жасап.

Гүлнәз

Қазақ аруы үшін "Махаббатым жүрегімде" телехикаясы кинодағы алғашқы тәжірибесі болған. Өнер әлеміне алғаш болып қадам басқан актриса мұндай сахнаға түспеймін деп қарсылық танытудың өзінен қорыққандығын айтады. Өйткені ол түсірілім жұмыстарынан барынша тәжірибе жинақтағысы келген. Гүлназ Жоланова Тәуекел Мүсілім екеуінің арасындағы қарым-қатынастың  махаббатқа ұласпағанын айтты.

"Өкінішке орай, сезім болған жоқ. Тәуекел екеуіміз қазір жақсы араласамыз. "Махаббатым жүрегімдеден" кейін де біраз жобаларға бірге қатыстық. Бүгінде жақсы дос, жақын әріптеспіз. Екеуіміз өнер жолына бір уақытта келдік. Алғашқы киномыз болғандықтан, ешнәрсенің байыбына бармай, көзіміз мөлдіреп, не істерімізді білмей қатты қобалжыған болатынбыз", - дейді Гүлназ Жоланова.

Киноға деген махаббатының еселенуіне ықпал еткен телехикая актриса үшін үлкен шеберлік мектебі болған. Сынның астында қалса да, төтеп беріп мінін түзетуге тырысқанын да жасырмады. Өнер иесінің айтуынша, туындыдағы рөлін әсерлі сомдап шығуға туыстарының тарапынан ешқандай қарсылық болмағаны, жақындарының қолдау танытқаны әсер еткен.

"Махаббатым жүрегімде" менің әрі қарай кино әлемінде бақ сынауыма мүмкіндік сыйлаған туынды болды. Асқар Ұзақбаевтан талай сын естіп, халықтың айтқан кемшіліктерін тыңдап, өзімді жақсы жағынан дамыттым. Ашық сахналар тек осы сериалда болды. Алғашқы түсірілім жұмыстары болғандықтан түспеймін деп айтуға да қорықтым. Түсуін түсіп алып, үйдегілерге төртінші серияны көрмеңдер деп те айттым. Бірақ менің жақындарымның арасынан "Сен неге бұлай істедің, мұның дұрыс болмады" деп айтқандар болмады. Сол мені қуантты", - дейді Гүлназ Жоланова 

Талқылау