Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей анасымен тұрған: Шымкент полициясы табылған баланың жоғалған себебін айтты

Орган қызметкерлері Шымкентте жоғалып табылған бала жайлы айтып берді. Жоғалған бала полицияға өзі келген, деп жазады Қазақпарат.

Өгей анасымен тұрған: Шымкент полициясы табылған баланың жоғалған себебін айтты

Шымкентте жоғалған бала 4 айдан соң табылды. Шымкент қалалық полиция баспасөз қызметі 12 жастағы Руслан Нортураевтың жоғалуына себеп болатын болжам айтты

Полиция бөлімшесіне баланың өзі келген. 7-сынып оқушысы үйінен не себепті кеткенін айтты.

“Русланның айтуынша, ол әкесі мен өгей анасынан жәбір көріп, физикалық тұрғыда таяқ жеген соң үйінен кетіп қалған. Әкесі тек 1 жарым айдан соң ғана арыз жазды. Еріктілермен бірге полицейлер іздеді”, – делінген ведомсвода.

Русланның әкесін жауапқа тарту ісі қаралып жатыр. Баланың өзі дәрігер-психологтардың қарауында. Кәмілетке толмағандармен жұмыс істеуші инспектор оның өз отбасында тұру-тұрмау мәселесін қарап жатыр.

Желіде бұған дейін шымкенттік баланың аман табылғаны айтылды. Оның сырт тұлғасы өзгеріп, шашын бояп, көзілдірік тағып жүргені хабарланды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте 2006 жылғы Руслан Нортұраевтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Ол биылғы жылдың 22 шілдесінде жоғалып кеткен. Артынша шымкенттік полицейлердің жоғалып кеткен 12 жасар баланы 4 ай бойы іздемегені белгілі болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау