Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей анасынан жәбір көрген үш қыз: Түркістан облысында шенеуніктер жаппай жазалана бастады

Жетісай қаласында өгей анасынан қорлық көріп келген үш қыздың оқиғасынан кейін екі баппен іс қозғалған. Бүгінде күдікті үй қамағына жіберілді. Ал қыздардың әкесінің ата-ана құқығы шектелген. Сонымен қатар аудандағы жауапты қызметкерлер де селқостық танытқаны үшін жазаланбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Өгей анасынан жәбір көрген үш қыз: Түркістан облысында шенеуніктер жаппай жазалана бастады

Сурет: "Еуразия бірінші арнасы"/видеодан скриншот

Еліміздің білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шердің сөзінше, бүгінде қоғамда дүр сілкіндірген мәселе омбудсмен, білім министрі мен бас прокурордың жеке бақылауында. Өз сөзінде ол аталған жағдайға селқостық себеп болғанын айтты.

«Жалпы, жаға ұстатарлық бұл жағдайға селқостық себеп болып отыр. Сондықтан мектеп мұғалімдерінен бастап, директоры бар, білім бөлімі басшысы мен аудан әкімінің орынбасарының мәселесі майшаммен қаралатын болады», - дейді Раиса Шер. 

Белгілі болғандай, оқиғадан кейін аудан әкімінің орынбасары, мектеп директоры мен орынбасары, үш қыз оқыған сыныптардың жетекшілері тәртіптік жазаға тартылыпты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісай қаласында өгей ананың үш қызына қорлық көрсетіп келгенін хабарлаған едік. Қыздардың денесіндегі жараларды мектеп мұғалімдері көрген. Директоры полицияға хабарласқан соң, істің ақ-қарасы анықтала бастады. 

Талқылау