Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей әкесі зорлап жүкті қылған 10 жасар қыз сот арқылы түсік жасатуға рұқсат алды

10 жасар қызды бірнеше рет өгей әкесі зорлап, жүкті қылған. Қазір қыздың ішінде бес айлық сәбиі бар. Ол сот арқылы түсік жасату мүмкіндігін иеленді. Мұнымен қатар, әзірге дәрігерлер оның денсаулығын тексеріп жатыр.

child-1685668_960_720

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Үндістанда өгей әкесі зорлап жүкті қылған 10 жасар қыз түсік жасату мүмкіндігін иеленді. Әдетте Үндістан заңы денсаулығына қауіпті болса, 20 аптадан кейін түсік жасауға тыйым салады.

Өгей әке әйелінің шағымынан кейін сотталды. Бұл туралы Би-би-си басылымына полицей Панкадж Нэйн айтып берді. Анасы қызының жүктілігіне небәрі бір апта болды деп ойлаған. Алайда оның осы уақытқа дейін де қызын үйде жалғыз қалдырғаны белгілі болды.

Үндістан Жоғарғы сотына соңғы уақытта дәл осы іспеттес бірнеше іс келіп түскен. Үкім шығару үшін сот медицина мамандарының көмегіне жүгінген екен. 2015 жылдың өзінде Нью-Дели қаласында 2 199 жасөспірім зорланған. Яғни орташа есеппен бір күнде 6 қыз зорланған. Жыл сайын жас ерекшеліктерін есептемегенде, 40 000 әйел зорланады екен. Мұнымен қатар, қоғам пікірінен қорқып зорланғаны туралы ақпаратты жасыратындар да бар.


Жіберіп алмаңыз:

Вашингтон вокзалындағы алып экранда порно көрсетіліп кетті

Мамырдың ортасында Ресей өңірін қар басты (видео)

Есекке отырып видеоға түскен Төреғали жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Қытайда ит тірідей жерленген сәбиді құтқарып қалды (видео)

Талқылау