Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өгей әкесі тістеп тастаған қыздың ісіне қатысты бап өзгертілді

Алматы облысында үш жасар қызды қорлау оқиғасына қатысты іс қозғауға негіз болған қылмыстық бап өзгертілді.

Алматыда өгей әкесі тістеп тастаған қыздың суреті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жазба авторының сөзіне сүйенсек, ер адам өгей қызының мұрнын тістеп, жұлып алыпты. Зардап шеккен бүлдіршін жиырма күндей дәрігерлердің қарауында болған.

Полиция мәліметінше, қыздың анасы Талғар АІІБ-не 2017 жылдың 25 желтоқсанында арыз берген, соған сәйкес ҚР ҚК 107-бабы бойынша (Адам денсаулығына қасақана орташа зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалған. Алайда 12 қаңтарда қылмыстық бап 106-шы (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) болып өзгертілгені анықталды.

“Талғар АІІБ қызметкерлері оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның үстіне қоғамның назарына ілінгендіктен, облыстық департамент те істі ерекше бақылауына алды”, — деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Қазіргі уақытта олиция сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр. Тергеу барысында бұрын ұрлық жасап, әйелді зорламақ болғаны үшін сотталған күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде “Міндетті түрде келу” таңдалды.

Оқи отырыңыз:

Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалиден ақшасын ала алмаған продюсерді сынап тастады

Айсәуле Бақытбек жігітімен азаматтық некеде тұрғанын ашық айтты

Ақтөбеде полицейлер орамал тағатын оқушылардың үйлерін аралауға кірісті

Назарбаев пен Трамптың келіссөзінде қандай мәселелер талқылануы мүмкін екені белгілі болды

Талқылау