Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарбаз өмірін аман сақтап қалған полковник мемлекеттік марапатқа ұсынылды

Граната жарылған сәтте сарбаздың үстіне құлап аман сақтап қалған 6505 әскери бөлімінің штаб бастығы Қайрат Үмбетов журналистерге болған оқиға туралы кеңінен баяндап берді.

,kjhg

“Бұл кәдімгі жаттығу күні болатын. Бүгінгі жағдай – ешқандай да қателік емес, бұл әркімнің де басында болуы мүмкін. Сарбаз барлығын дұрыс жасады. Олар әу баста оқу гранатасымен жаттыққан, ал қолға шынайы ұрыс гранатасын алғанда мүлде басқа сезім пайда болады”, – дейді полковник Қайрат Үмбетов.

“Мен Жамбыл облысынан келіп, Қарағанды горнизонында жаттығып жатырмын. Бізді бұған дейін гранатамен жұмыс істеуді үйреткен. Мен барлығын құрылымы бойынша жасадым. Тізім бойынша мен бірінші тұрған едім. Дайындалдым да, лақтырдым, бірақ граната алысқа бармай жақын жерге түсті. Сол кеде полковник Үмбетов мені жауып үлгерді”, – деді сарбаз Абзал Сұлтанқұлов.

Безымянный

Полковник Үмбетов өзінің орнында кім болса да, осы іске барар еді деп пікір білдірді.

“Бүгінгі менің жасаған ісім – бұл қарапайым офицердің жасау керек нәрсесі. Өзімді батыр деп санамаймын”, – деді Үмбетов.

Оқиға 7 сәуір күні таңғы 11.00 шамасында болған. Сарбаз Сұлтанқұлов ұрыс гранатасын байқамай жақын қашықтыққа лақтырып алып, полковкник Үмбетов сарбазды денесімен жауып үлгереді. Екеуі де жарақат алып бірден Абай қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Сарбаз – аяқтан, полковник аяқ пен иығынан жарақаттар алған.

Өзінің өмірін тәуекелге байлап, ерлікке пара-пар әрекетке барғаны үшін ҚР Ұлттық гвардиясы полковник Қайрат Жарылқасынұлы Үмбетовты мемлекеттік марапатқа ұсынбақ. Қайрат Үмбетов 21 жыл бойы әскери салада қызмет етіп келеді. Отбасылы, бір ұлы бар.

Талқылау