Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Один дома» фильмінде ойнаған актер қайтыс болды

72 жастағы америкалық актер Джон Хердті қонақ үй қызметшілері өлі күйінде тауып, полиция қызметкерлерін шақырған.

5f7868c02577dfb6a48cf946095c032e_L

Оқиға Калифорниядағы мейманханалардың бірінде болды. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, әйгілі актердің өлімінің нақты себебі белгісіз және бүгінгі күні оған не түрткі болғаны анықталып жатыр.

Сәрсенбі күні оның беліне жеңіл ота жасалып, қонақ үйде денсаулығын қалпына келтіріп жатқан болатын. Джон Херд «Один дома» фильмінде Кевин Маккалистердің әкесінің рөлінде ойнаған.

Сондай-ақ одан өзге көптеген фильм мен сериалдарға да түскен. Олардың қатарында «Гладиатор», «Клан Сопрано», «Большой» және «Пробуждение» бар.

Оқи отырыңыз:

ДАИШ әскерінен аман қалған тұрғындар паранжаларды өртеп, сақалын қырып жатыр (видео)

Жеткіншектер 32 жастағы жігіттің суға батып өлген сәтін видеоға түсіріп мазақ етті (видео)

Сауд Арабиясының патшасы өзгелерді ұрғаны үшін өз ұлын тұтқындауға бұйрық берді

Француз әншісі сахнада тоқ соғып ажал құшты

Талқылау