Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Облыс әкімі: Қазақстандағы ең қауіпсіз аймақ – ОҚО

Бүгін ОҚО-да орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз отырысында  Бейбіт Атамқұлов журналистермен кездесті. Отырыстағы сөзін әкім «Ұлт жоспары-100 нақты қадамды дамытудың  бес институционалды реформасынан» бастады.

әкіммм

Бұл туралы Отырар арнасы жазған.

Бейбіт Атамқұловтың сөзінше ОҚО-да басқа өңірлермен салыстыра қарағанда статистика бойынша қылмыс саны аз екен.

«Бұл жердегі  халықтың көптігін есепке алу керек. Бізде 3 миллионға жуық тұрғын бар. Негізінде ОҚО ең қылмыс аз болатын өңірге жатады,  сондықтан біздің облыс ең қауіпсіз болып есептелінеді»,-деді облыс басшысы.

Қазір  облыс бойынша Сарыағаш ауданындағыдай  қоғамдық  еріктілер жасағы қолға алынбақшы.

«Сол жасақты құрып, керек-жарақпен қамтамасыз ету мақсатында 45 млн. теңге бөлінетін болады»,-деді  Бейбіт Атамқұлов.

Сондай-ақ ол қазір ОҚО аудандарындағы барлық аймақтың  «Қылмыс картасы» жасалынып жатқанын айтып өтті. Бұл алдағы уақытта қылмыстың алдын алып, болдырмауда пайдасы зор боларына облыс әкімі сенімді.

 

Талқылау