Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Обама мен Ердоған телефон арқылы 80 минут сөйлесті

АҚШ президенті США Барак Обама Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен 80 минут телефон желісі арқылы сөйлескенінде, оны Сириямен арадағы жанжалға қатысты шыдамдылық танытып, сабырлы болуға шақырды.

xw_1180609

Бұл туралы vesti.ru сайты хабарлайды.

Обама әңгіме барысында Сирия күрдтерінің бұдан әрі түрік территорияларын басып алуларын тоқтатулары керек екенін жеткізді. Бірақ ол сонымен бірге Вашингтонның Анкара көңіліне қарап, сириялық күрдтерден бас тарта алмайтынын ашық айтты. Осылайша Обама түрік лидерінің тарапынан қысым болып жатқанына қарамастан, оның ығында кете алмайтынын анық аңғартты.

Қазір Ресейдің қолдауына сүйенген Сирияның қарулы күштері солтүстіктегі Түркия шекарасына қарай бағыт түзеп, Алеппо провинциясына табысты шабуылдар жасап жатыр. Олармен бір мезгілде сол территорияда Сирия күрдтері соғысқа қатысуда. АҚШ әскерлерінің қолдауына сүйенген олар «Мұсылман мемлекеті» мен басқа да экстремистік тобырларға көмек көрсететін жолдарды жауып тастауға күш салуда.

Осы мезгілде «Ислам мемлекетімен» баяғыдан «бизнесі» бір, мүддесі ортақ Түркия Сирия күрдтерінің позицияларын бірнеше күннен бері атқылап тұр. Анкара оларды 30-дан астам адамның өмірін жұлып кеткен түрік жеріндегі терактілер үшін жауапты санап отыр.

Талқылау